Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған көрме ашылды

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» көрмесін Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Ұлттық музеймен және Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырды.

Келушілердің назарына Қазақстан армиясының құрылу және қалыптасу тарихына, Қарулы күштер әскер түрлері мен тектеріне, бітімгершілік миссиясына, әскери білім мен армия спортына арналған жәдігерлер ұсынылды. Отандық заманауи әскери техниканың үлгілері, киім және әскери жабдықтардың түрлері ерекше назар аударуға тұрарлық.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру және бірінші қорғаныс министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қою сәтіне арналған инсталляция өнері орталықтың басты жәдігері болды.
Көрменің салтанатты ашылуына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Ұлттық музейдің, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
– Тарихи тұрғыдан қарағанда аз ғана уақытта кез-келген жағдайда іс-қимыл жасауға әзір мобильді, заманауи армия құрылды. Көрмені ұйымдастыра отырып, алдымызға ұлттық сана-сезімді, азаматтықты және патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету мақсатын қойдық, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
Көрме аясында Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты және Қорғаныс министрлігінің авторлық ұжымы дайындаған «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері. 1991-2001: құжаттар мен материалдар» жинағының тұсаукесері өтті.
Кітапта жүзден астам мұрағаттық құжаттар көрсетілген. Көпшілігі алғаш рет жарияланып отыр. Оның ішінде ел Президентінің сөйлеген сөздері, Парламенттің, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жоғары командалық құрамының ресми хат алмасулары да бар.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"