Қазақстан Қарулы күштерінің Минасыздандыру орталығында шетелдік әскери мамандар гуманитарлық минасыздандыру мәселелері бойынша базалық курс өткізуде.
Оқыту әскери қызметшілерді жарылмаған снарядтардан, жарылыс қаупі бар заттардан және миналардан болатын қауіп-қатерлерді жою, бітімгерлік операциялар барысында жергілікті халыққа көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындауға даярлауға бағытталған.
Инженерлік-саперлік бөлімшелердің әскери қызметшілері үшін теориялық мәселелерді зерделеумен қатар, «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында аумақты зерттеу мен минасыздандыру жөніндегі практикалық сабақтар ұйымдастырылды.
Биылғы жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының Қарулы күштердің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысуын кеңейту мәселесі жөніндегі ұсынысы мақұлданғанын айта кеткен жөн.
2003-2008 жылдар аралығында инженерлік-саперлік жасақ құрамындағы қазақстандық әскери қызметшілер Ирак Республикасындағы бітімгерлік қызметке қатысқанын атап өту керек. Бұл миссия кезінде төрт миллионнан аса жарылғыш заттар жойылды.
БҰҰ-ның миссияларына қатысу бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, республикамыздың халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар қазақстандық әскери қызметшілер қауіп-қатерлерге қарсы тұруда айтарлықтай тәжірибе жинақтап, жауынгерлік машықты жетілдіріп, жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілетін арттырады.