Алматы қаласының авиациялық базасында әскери полиция басқармасының өкілдері қатысуымен сыбайлас жемқорлықты алдын – алу бойынша сабақ өткізілді.
Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин жеке құрамға жемқорлықтың шығу тегін, қоғам мен әскери қызметшіге зиянды жақтарын түсіндірді. Пара алу, пара беру, мемлекеттік және әскери мүлікті ұрлау және талан – таражға салу, мемлекеттік қызметте жерлестік, туысқандық қасиеттеріне орай көтермелеу сыбайлас жемқорлықтың ең көп таралған түрлері деп атап өтті. Елімізде сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша көптеген істер атқарылып жатқанын жеткізді. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің мерзімінен бұрын босатылуына тиым салынуы, шет елдерде лауазымды мемлекеттік қызметшілердің банк шоттарын ашуға тиым салынуы, қоғамның мемлекеттік қызметке сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің бастығы әділет капитаны Рауан Саурық: сабақтың басты мақсаты әскери қызметшілердің санасына жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидасын сіңіру, сыбайлас жемқорлықты ескертудің жаңа әдістері мен тәсілдері, сондай – ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, елімізде жемқорлық үшін қаралған жауапкершілікті және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін жеткізу, әскери қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып саналатынын жеткізді. Жеке құрамға ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарына арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері, ҚР Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы 4 ақпандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы комиссия отырысының талаптары жеткізілді.
Әскери полиция өкілдері әскери қызметшілер арасында жемқорлықпен күрес тақырыбында жасырын сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша әскери қызметшілер арасында жемқорлықтың алғышарттары анықталмады. Тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің офицерлері әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен сыбайлас жемқорлықты алдын – алу бойынша профилактикалық сабақтарды жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіп тұрады. Дәрістер, әңгімелесулер, жасырын сауалнамалар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу, осының барлығы әскери қызметшілерге жемқорлыққа қарсы заңнаманы жақсырақ түсінуге көмектесіп, нөлдік төзімділікті қалыптастырады.
Майор Дархан Кусаинов