2022 жылғы 11 сәуірде ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлері күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай кітап көрмесі өтті. Көрмеде Қазақстан ғылымының бастауында тұрған тұлғаларға арналған экспозиция мен отандық әскери ғалымдарының еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 12 сәуір – Ғылым саласы қызметкерлерінің күні болып бекітілген еді. Сондай-ақ, дәл осы күні халқымыздың ұлы перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болған терең білімді ғалым-геолог, ұлт мақтанышы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келген. Аталған іс-шараның мақсаты Ғылым саласында өнімді еңбек атқарып келе жатқан қазақстандық ғалымдардың еңбектерімен музейге келушілерді тереңірек таныстыру болатын.
Көрмеден кейін салтанаты жиын болып, онда запастағы генерал-полковник С.Жасұзақов, генерал-лейтенант А.Тасболатов және тағы басқалар әскери ғылымның қазіргі жай күйі мен көкжиегі туралы келелі әңгіме қозғады. Салтанатты шара соңында әскери ғылымға үлес қосқан адамдар марапатталып, концерт қойылды.