Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының кітапхана қорында 162 000-нан астам кітаптар мен оқу құралдары бар. Олардың 40%-дан астамы мемлекеттік тілге аударылған, және қазіргі кезде де аударма жұмыстары жалғасуда.
Әскери жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы әдебиеттер мен оқу құралдарын орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару бойынша үлкен жұмыс атқарды.
«Институт кітапханасында 162 мыңға жуық кітап пен оқу құралы бар. Оларды аудару кезінде тақырыптық сөздіктердің болмауына байланысты арнайы терминдермен қиындықтар туындады. Дегенмен, профессорлық-оқытушылық құрамның күшімен оқулықтардың 40%-ы қазақ тіліне аударылды», – деді оқу бөлімінің бастығы подполковник Нұрлан Тұмышев.
Әдебиетті аудару жобасы мемлекеттік тілді күнделікті өмірге ғана емес, оқу процесіне де енгізуді қарастырады. Ол үшін Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Әскери оқу орны басшылығының болжамы бойынша 2025 жылға қарай мемлекеттік тілде оқитын курсанттардың үлесі 95%-ға жетеді.