Әскерлер қызметін ұйымдастырушы офицерлер арнайы жиында біліктілігін жетілдіруде

Алматыда әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың әскерлер қызметін ұйымдастыруға жауапты мамандарының және Қарулы күштердің әскери полиция органдары бақылау бөлімшелері бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны өтіп жатыр.

Шараның басты мақсаты қарауыл мен тәуліктік нарядтың даярлығын, қызмет өткеруін ұйымдастыру, диверсияға қарсы қауіпсіздік, қару мен оқ-дәрілердің сақталуы, сондай-ақ әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бірыңғай тәсілді әзірлеу болып отыр.
Қатысушыларға Әскери полиция бас басқармасы әзірлеген әдістемелік ұсынымдарды, нұсқаулықтарды және басқа да басшылық құжаттарды зерделеу мен іс жүзінде қолдану сабақтары өткізілді.
Жиын аясында офицерлердің дайындық деңгейі, әскерлер қызметін ұйымдастыру және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы жүргізудегі құзыреттілігі бағаланды.
Іс-шараның практикалық бөлімі барысында кезекші бөлімшелердің, тәуліктік нарядтың лауазымды адамдарының оқыс оқиғалар мен штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылдары бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
Соңында оқу жылының өткен кезеңіндегі әскерлер қызметінің жай-күйі мен әскери қызмет қауіпсіздігінің қорытындылары шығарылып, қорғаныс ведомствосы басшылығының талаптарына сәйкес қызметті жетілдіру жөніндегі міндеттер айқындалды.  
– Қазіргі уақытта әскери күзет қарамағына кіретін объектілерді күзетуді мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден тұратын әскери қарауылдарға беру жұмысы жүргізіліп жатыр. Командирлер жеке құрамды іріктеу мен даярлауға, әсіресе олардың қарудың материалдық бөлігін зерделеуіне, сондай-ақ әскери қызметшілердің психологиялық дайындығына назар аударуы қажет, – деп атап өтті Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Рүстем Жаңбыров.
Сондай-ақ ол әскерлер қызметі бастықтарының жиыны 2019 жылдан бері биыл алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде кешенді шешуді талап ететін көптеген мәселелер жинақталды. Өткізілген іс-шара әскерлер қызметін ұйымдастыру мен әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"