Алматы қаласы авиациялық базасының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуының 30 жылдығына орай «ҚР ҚК ауқымындағы 30 игі іс» акциясы аясында Алматы қаласы Қан орталығының мамандарына донорлық қан тапсырды. Іс – шараға 80 – ге жуық әскери қызметші қатысып, әскери бөлім басшылығы жеке құрамға үлгі көрсете отырып бірінші кезеңде қан тапсырды.
Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин: Авиациялық базада мұқтаж адамдарға донорлық қан тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын, осындай іс – шаралар әскери қызметшілерді мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбилейтінін ерекше атап өтті.
Майор Дархан Кусаинов