Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сабақта: қару, оқ-дәрі, улы және техникалық жабдықтар, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарымен жұмыс істеу, әскери техникаға қызмет көрсету т.б. қаралды.
Штаб бастығының әскерлер қызметі жөніндегі орынбасары -әскерлер қызметінің бастығы подполковник Роллан Асылбаев жеке құраммен Ішкі қызметті атқару кезінде тиесілі қару мен оқ – дәрілерді беру, қаруды оқтау және оқсызданудыру талаптары туралы сабақ өткізді.
Штабтың радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экология қызметінің бастығы майор Улан Кутанов радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының ерекшеліктерін жеке құрамға жеткізіп, практика жүзінде көрсетті.
Әскери қызметшілердің қауіпсіздік шаралары туралы білімін жетілдіру, жеке құрамның өндірістік жарақаттануын алдын алуға мүмкіндік береді.
Сабақ соңында авиациялық база командирі подполковник Амангелді Макишев: «Әскери қызметші қызметтік істер нәтижелеріне қатысты бірінші орында әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығына басымдық берілетінін» ерекше атап өтті.