Ақпараттық шолу

Әскерге шығарып салды

1. Әскерге шығарып салды.jpeg

Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Шығыс Қазақстан облысынан шақырылған 50 жас әскери міндетін Алматы облысының 78639 әскери бөлімінде орындайды.

Жасы әскер жасына шақыруға толғандарды медициналық комиссиядан өткізу барысында барлық санитарлық-гигиеналық шаралар қатаң сақталып, әскерге шақыру пункті мен оған іргелес аумаққа күніне екі мәрте дезинфекциялық және ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілді. Қалалық және облыстық комиссия құрамындағы инфекционист-дәрігерлер де әскерге шақырылушының әрқайсысынан шетелде болған-болмағанын, туған-туыстарының арасында коронавирус індетін жұқтырғандардың немесе науқастармен қатынаста болғандардың бар-жоғын сұрап білді. «Біздің басты міндетіміз – әскер жасындағы дені сау жігіттерді әскери бөлімдер бойынша іріктеу ғана емес, сондай-ақ, әскери ортада вирустың таралып кетуіне жол бермеу. Сол себептен әскерге шақырылушылар екі рет тексеруден өтеді. Әскерге шақыру пунктінен жөнелтілу алдында экспресс-әдіспен тест тапсырады. Екінші мәрте әскери бөлімге келгенде міндетті түрде ПТР әдісімен лабораториялық зерттеу жүргізіліп, жас сарбаздар екі апталық карантинге жіберіледі», дейді ШҚО қорғаныс ісі жөніндегі департамент бастығы полковник Қайырбек Қайырқанов.

Бүгінгі күні облыстан әскерге шақырылғандар ҚР ҰҚК шекара қызметі мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының қатарын толықтырып болды. Қазір Қарулы Күштер мен мемлекеттік күзет қызметіне бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстанның Қарулы Күштеріне, өзге әскер мен әскери құрамаларға 1500-ден астам шығысқазақстандық шақырылмақ.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу (2).jpg

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 63310 әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Бөлім командирі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы полковник Ғани Асанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша талдау жасап, комиссия жұмысындағы әскери полиция және прокуратура өкілдерімен жасалатын өзара іс-қимылдың рөліне тоқталды. Комиссия мүшелері болып саналатын орынбасарлары мен қызмет бастықтарына әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік туралы айтты. Ол әскери ортада сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін әр адам өзінен бастау қажет екенін атап өтті. Комиссия өз жұмысында ҚР Президентінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің талаптары мен бұйрықтары негізінде тәуекелі жоғары адамдарға, яғни әлеуетті жағдай жасай алатын лауазымды және материалдық жауапты тұлғаларға ерекше көңіл бөлінетінін де баяндады. Қарулы Күштердегі мұндай тәжірибе қолданыстағы әдіс болып табылатынын айта кетейік.

Ұлттық домбыра күніне арналды

30217 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің бастамасымен «Қазақтың қара домбырасының күмбірі» атты мәдени іс-шара өтті.

   Бөлім командирі полковник Тазабек Аяпов ұлттық аспабымыздың төл мерекесі ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісінде аталып келетінін әңгімеледі. Бұдан соң қазақтың қара домбырасын қолына алып, халық күйі «Келіншекті» күмбірлетті. Ал, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» 2-сынып сержанты Б.Қарибеков, Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқынын» мерзімді қызметтегі әскери қызметші Н.Кисаров, халық күйі «Кеңесті» 1-ші артиллериялық дивизионнан құралған күйшілер тобы нақышына келтіре ойнады. Ұлттық домбыра күніне арналған шарадан әскерилердің балалары да қалыс қалмады. Полковник О.Кокановтың қызы Ләтипа, сержант Д.Толықбаеваның ұлы Ерасыл, азаматтық персонал Ф.Ахметовтың ұлы Батыр халық және қазақ композиторларының күйлерінен поппуриді бір мезетте онлайн жүйеде орындады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"