Псхологиялық тренинг ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасы арналды

Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет мамандары ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасы мәселелері бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Мұндай шараны өткізудегі мақсат ата-аналардың балаларға конструктивті әсер ету дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде ата-ана құзыреттілігін арттыруға бағытталып отыр.
Тренингке көп балалы мәртебесі бар 10 әскери қызметшінің отбасы мүшелері қатысты.
Психологиялық қамтамасыз ету қызметінің бастығы Сәуле Заированың айтуынша, тренингке қатысушыларға практикалық жаттығулар әдісін қолдану балалармен болған кикілжіңдерді шешу жолдарын табуға, олардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әсер ететін жағдайларды модельдеуге көмектеспек.
– Отбасы әлеуметтік идеалдардың басты көзі болып табылады әрі азаматтық мінез-құлықтың негізін қалайды. Ата-ана алғашқы тәрбиеші ретінде балалар тәрбиесінде шешуші рөл атқарады. Сол себепті институт қабырғасында мұндай тренингтердің жүйелі түрде өткізіліп тұруы заңдылық, – дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы Разгүл Қосанова.
Тренингке қатысушыларға ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған практикалық ұсынымдар табыс етілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"