Қарулы Күштердің ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне 30 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінің командирі подполковник Үмітәлі Серікұлы Бектаевтың басшылығымен Қарулы Күштердің ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Приозерск гарнизондық Мәдени іс-шараларды өткізу орталығының залында бас қосқан мерекелік жиынға отызға жуық ардагер ағалар мен апалар арнайы шақырылған болатын.

Мерекелік салтанатты іс-шараны 44841 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Маратұлы Кабышев ашып берді. Мінберден сөз алған бөлім командирі подполковник Ү.С. Бектаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің отыз жыл ішіндегі даму жолы мен 44841 әскери бөлімі жеке құрамының егеменді еліміздің әлеуетін көтерудегі жемісті жалдарына тоқталды. 44841 әскери бөлімінің командирі подполковник Ү.Бектаев сөйлеген сөзінде: «Құрметті Қарулы Күштердің ардагерлері! Осы залда отырған сіздер әр жылдары біздің әскери ортаның ыстығы мен суығына төзіп, егеменді еліміздің төл әскерінің дамуы мен 1998 жылы Приозерск гарнизонында жаңадан қоныс тепкен 44841 әскери бөлімінің бүгінгі күнге жетуіне өз үлестеріңізді қоса білдіңіздер! Сол үшін біз сіздерді ардақтаймыз, сол үшін біз сіздерді құрмет тұтамыз!»-деп, өзінің жүрекжарды жылы лебізін жеткізді.
Іс-шара барысында жеке құрам арасынан жауынгерлік даярлық пен мемлекеттік-құқықтық дайындығында үздік танылған әскери қызметшілерге Мақтау қағазы табыс етілсе, бөлім командирі подполковник Үмітәлі Бектаев залдың биік төрінде Қарулы Күштер ардагерлерінің әрқайсысының кеудесіне салтанатты түрде «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 30 жыл!» төсбелгісін қадады. Мерейтойлық төсбелгіге ие болғандардың қатарында күні бүгінге дейін әскери қызметшілермен бірге талмай қызмет атқарып жүрген запастағы әскери қызметшілер Аутжан Тиранов, Турехан Наушаруанов, Бахордиржон Гаппаров, Рашид Асылбеков, Муратхан Бейскаков және ҚР ҚК азаматтық персоналы Мастура Мырзахметова бар еді. Сонымен қатар, әр жылдар кезеңінде бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары қызметін атқарған запастағы подполковник А.В. Мосиенко, кіші мамандар даярлайтын мектебі бастығының тәрбие және әлеуметтік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінде болған ауған соғысының ардагері, запастағы подполковник Валерий Крупский және Мәдени іс-шараларды өткізу орталығының бастығы лауазымында жемісті қызмет атқарған запастағы аға сержант Тілек Кенжебеков мерейтойлық төсбелгі мен Мақтау қағазының иегері атанды.
Қорытындысында Қарулы Күштердің ардагерлері атынан сөз алған А.В. Мосиенко, Т.А. Кенжебеков және Г.Динисламова бөлім командирі подполковник Ү.С. Бектаев пен бөлім басшылығына өздерінің шексіз алғыстарын білдіріп, жеке құрамға зор табыстар тіледі.
Салтанатты жиын Қарулы Күштер ардагерлерінің құрметіне орай, мерекелік Концерттік бағдарламаға ұласты. Ардақты ардагерлерге ән мен күйден маржан шашқандардың арасынан бөлімнің әскери қызметшілері Сәкен Жалғасбаев пен Гүлмира Шералиева ерекше көзге түсіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.


Думан Құрманғалиев

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"