Қазақстанда қандай әскери полигондар бар?

Еліміздің аумағында бірнеше ірі әскери-сынақ алаңдары бар. Олардың бәрі де кеңестік кезден қалған жүйемен, Қазақстан мен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің мүддесінде жұмыс істейді.

1. Семей полигоны (кеңестік ресми атауы – №2 Мемлекеттік орталық сынақ алаңы). Жалпы алаңы 18500 шаршы шақырым, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының жерлерінде орналасқан, Семейден 130 шақырым, Ертістің сол жағалауында жатыр, қазір жабылған (1991 ж). Негізі, елімізде ядролық сынақтардан зардап шеккен алаңдардың жалпы аумағы 304 000 шаршы шақырымды құрайды.

2. Ембі сынақ алаңы (Ресей Феде- рациясының 11-Мемлекеттік ғылыми- зерт теу Эмба сынақ алаңы) Ақтөбе облы- сының аумағында орналасқан, жал пы көлемі – 2,9 млн гектар. 1960 жылы іске қосылған сынақ алаңында кеңестің, кейін- нен РФ Құрлықтағы әскерінің Әуеге қарсы қорғаныс құралдары сыналып келеді («Оса-АК», ПЗРК «Игла», ЗРПК «Тунгуска», ЗРК «Тор-М1», С-300).

 3. Байқоңыр ғарыш айлағы 2009 жыл ға дейін Ресей әскеріне қызмет етіп келді. Мұнда баллистикалық ракеталар мен олардың қозғалтқыштары сыналды, қазір Ресейлік РКК «Энергия», ЦСКБ- Прогресс, Хруничев атындағы ғарыштық кәсіпорын, «Южный» ғарыштық орталығы тәрізді ғылыми-өндірістік кешендер орналасқан.

4. Капустин Яр әскери сынақ алаңы негізінен Ресейдің Астрахань облысында орналасқанымен, Қазақстанның Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының да жерлерін алып жатыр, жалпы аумағы 0,40 млн гектар. 1950-жылдардан бері мұнда 11 ядролық жарылыс жасалып, 24 мың зымыран жарылды, 619 РСД-10 зымы- рандары жойылды.

5. ГЛИЦ (929-Мемлекеттік Ұшу-сынақ орталығы) кешені де Ресейдің Астрахань облысында орналасқан, бізде Торғай, Сүйіндік, Теректі және Атырауда бөлім- шелері бар. Әскери-әуе күштері мен Әс- кери-теңіз флотының авиациялық техника- ларын сынақтан өткізеді.

6. Сары-Шаған (№10 Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және сынақ полигоны) әскери сынақ алаңы. Еуразия құрлығын- дағы зымыранға қарсы қаруды сынайтын жалғыз полигон. Балқаш көлінің баты- сында, Қарағанды және Жамбыл облыс- тарының жерінде орналасқан, жалпы алаңы – 81 200 шаршы шақырым. Мұнда 1 класты «Камбала» аэродромы мен бір- неше ұшу-қону жолақтары бар. Сынақ алаңында Кеңес Одағы мен Ресейдің құрлықаралық баллистикалық зымыран- дарға қарсы бар лық Стратегиялық қару- жарақтары сыналды.

7. Осы сынақ алаңының құрамында дербес нысан ретінде Жоғары қуатты ла зерлік қаруды сынақтан өткізетін кешен орналасқан. Мұнда «Терра» және «Омега» бағдарламасы бойынша жұмыс- тар ат қарылды. «Терра» зымыранға қарсы қор ғаныс жүйесіне арналған өте жоғары қуатты лазерлік қаруды сынақтан өткізді (1965 жылдан ). «Омега» әуеден қорғану жүйесіне арналған қуатты лазерлік қондырғыларды сынады (1964 жылдан бастап). Осы жұмыстардың негізінде қазіргі заманғы 5Р76 эксперименталды лазерлік кешендер дүниеге келді. Бұл қон- дырғылар қазір ғарыштық орбитадағы жерсеріктерге де қарсы қолданыла ала ды.

8. Ашулук – Ресейлік сынақ алаңы (Әуе қорғанысы әскерінің №42 Оқу Әскери дайындық орталығы). 20 650 гек тары Қа- зақстан жерінде орналасқан. Зенитті- зымырандық кешендер сы налады. Еліміздің жерінде орналасқан барлық сынақ алаңдары Ресей Федерациясына ақылы түрде жалға берілген. 1998 жылғы мемлекетаралық келісімдер бойынша пайдаланушы жақ бұл жерлерді өзге субъектілерге (мемлекеттерге) субарендаға бере алмайды. Жұмысы аяқталған сынақ алаңдары қайта өңделіп, залалсыз дан- дырылып, халық шаруашылығына жарамды қалпында қайтарылуы тиіс.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"