Қазақстандық бітімгершілер «Мызғымас бауырластық - 2016» оқу-жаттығуында өзара іс-қимылды нығайтуда

Беларусь Республикасында «Обуз-Лесновский»  230-шы жалпыәскери полигонында «Мызғымас бауырластық - 2016» ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерімен жоспарлы бірлескен оқу-жаттығу басталды.

Оқу-жаттығуға Қазақстандық бітімгершілік бригадасының әскери қызметшілері, сондай-ақ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері аттанды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

 «Мызғымас бауырластық» - бұл ҰҚШҰ бітімгершілік контингенттерінің жоспарлы бірлескен оқу-жаттығуы. Ол жыл сайын өтеді. Бұдан бұрын бітімгершілер Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының аумағында көп ұлтты контингенттің құрамында тапсырмаларды орындаған болатын. Биылғы жылы оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары бейбітшілікті ұстап тұру және ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бөлімдерін (бөлімшелерін) басқару, бірлескен іс-қимылдар кезінде бітімгершілік контингенттер жеке құрамының далалық машығын жетілдіру, сондай-ақ, ҰҚШҰ мүше мемлекеттері арасында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі операцияларды ұйымдастыруда командирлердің практика алуы болып табылады.

 Кеше оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерін құру және орналастыру аяқталып та қойылды. Полигонда бөлімшелердің жауынгерлік үйлесуі өткізіліп, сондай-ақ, басқару пункттері өрістетілді. Одан басқа, оқу-жаттығуға қатысушылар әскери техника көрмесіне барды. Онда әскери қызметшілер олардың армиясының жарақтандыруында тұрған үлгілерді салыстыруға мүмкіндік алды. Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның ұлттық контингенттері қатысатынын айта кетейік. Барлығы ҰҚШҰ-ның барлық алты мүше мемлекеттерінің қарулы күштер, ішкі әскерлер мен полицияның құрамынан 1500 әскери қызметші, сондай-ақ, 300-ге жуық бірлік авиациялық, броньды танкті және автомобильді техника қатысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"