Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Қорғаныс министрлігіне қарайтын Әскери медицина орталығының базасында 300-ден астам адам халықаралық курсы бойынша сертификатталған «Жарақат кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету» (International trauma life support) кезекті біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
Аталмыш орталық ТМД аумағында аталған бағдарлама негізінде сертификатталған алғашқы әскери-медициналық мекеме. 2019 жылы орталық халықаралық сертификаттаудан өтіп, Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету халықаралық ұйымының (АҚШ) тәуелсіз филиалы мәртебесін иеленді.
Курстар жыл сайын АҚШ Қорғаныс министрлігімен 2017-2022 жылдарға арналған бесжылдық ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткізіледі. Оқу барысына қажетті көрнекі оқыту құралдар, манекендер, ақпараттық және шығын материалдары алынды. Нұсқаушылардың жеке сабақ беруіне құқығы бар халықаралық сертификаттары бар.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы дәрігерлік құрамның, орта медициналық персоналдың біліктілігін арттыру мен курстық дайындық жөніндегі қосымша білім бағдарламаларын іске асыратынын атап өту қажет. Жыл сайын оқу мекемесінің өзінде де, көшпелі цикл кезінде де 900-ға жуық Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен азаматтық персонал тыңдаушылар білім алады.