Қорғаныс министрі әскери қызметшілер мен ардагерлерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Жеңіс күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде салтанатты жиналыс болып өтті.

Қорғаныс министрі жеке құрамды Қарулы күштердің
30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан армиясындағы Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру, әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті. Бұл барлық жеке құрамның қызметін бағалау және ол бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Қорғаныс министрі қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы даңқты дәстүрлерінің әскери қызметшілер үшін маңыздылығын атап өтті.
- Отан қорғаушылар күнінің күнтізбеде Ұлы Жеңіс мерекесімен қатар келуінің символдық мәні бар. Ұлы Отан соғысы адамзат санасында өркениет тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі ретінде өшпес із қалдырды. Дәл сол соғыста Қазақстан халқы барлық қиыншылықтарға қарамастан ерліктің тамаша үлгісін көрсетті, Отанын агрессордан қорғады, - деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар, ордендер мен медальдар тапсырды.
Қарулы күштер ардагерлерінің Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуындағы рөлі ерекше атап өтілді.
Ел Президентінің Құрмет грамоталарымен Халық Қаһарманы, отставкадағы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Халық Қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтар марапатталды.
Қазақстанда 7 мамырда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылы Ел Президенті Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. 2013 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік мереке болып табылады, ол өз мамандығын таңдаған адамдарға деген құрметтің белгісі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"