Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қорғаныс министрлігінде 19-шы қарашада өткен алқа отырысында 2020 жылдағы армия қызметінің мәселелері талқыланды.
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев өз баяндамасында Қарулы Күштердің барлық бағытта дамып келе жатқанын атап өтті.
Бәрінен бұрын, мемлекеттің қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып, армия құрылымына және жауынгерлік даярлығына қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар барысында барынша қажетті және қолданып жүрген компоненттер енгізіледі.
Алғаш рет бірыңғай кешенді стратегиялық тапсырмалар форматында оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар өткізу енгізілді. Әскерлерді оқыту орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар, түрлі тәуекелдер кешені мен ахуалдың күрделенуі аясында өтеді.
Әскерлерде соққы беруді барлау және атыс нұсқасын барлауды қолдану пысықталуда. Осы мақсатта, атап айтсақ, ұшқышсыз ұшу құрылғыларының, артиллерия топтарының, майдан және армия авиацияларының, заманауи радиолокациялық барлау және басқару құралдарының қажетті күштері мен құралдарының өзара іс-әрекеті қалпына келтірілді.
Бастапқы назарда, Арнайы операциялар күштерін дамыту тұр. Қазіргі кезде оларды басқарудың үйлестіру үлгісі бар. Алдағы жылы операциялық модульге өту жоспарлануда, онда олардың құрамында анағұрлым маңызды міндеттерді орындау үшін арнайы бөлімдер мен салалық даярлау орталықтары құрылады.
Осылайша, Арнайы операциялар күштерін дамыту кезең-кезеңмен және жоспарлы түрде іске асырылады, сондай-ақ жыл сайын оларды тексеру жүргізіледі.
Қазіргі кездегі қақтығыстарды зерделеу жақыннан ұрыс жүргізу кезіндегі жеке сапаны жетілдіру қажеттігін көрсетті. Осы мақсатта бірінші рет жауынгерлік даярлық бағдарламасына армияның тактикалық атысы енгізілді.
Әскери қызметшілер түрлі ахуалдарда, әр түрлі қарудан уақытты шектеу жағдайында атуды үйренуді бастады.
Осымен бір уақыт аралығында армияның қоян-қолтық күресінен сабақтар кеңінен қамтылды. Бұл қызметке қызығушылықты және өзіне деген сенімділікті арттырады.
Әскерлерге жаңа қару-жарақтар келіп түсуде. Биылғы жылы әскери техниканың 370-тен астам бірлігі сатып алынып, 200-ден астамы күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылды. Қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс және ұшқышсыз ұшу құрылғылары ерекше назарға алынды.
Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл алғаш рет «Бук» зымыранды-ракеталық кешені келіп түсті. Бұдан өзге, еліміздің әуе кеңістігін бақылауды шағын биіктіктегі нысандарды айқындайтын «Роса» радиолокациялық станциялары мен отандық өнім «Нұр» РЛҚ іске асырады. Әскерлерге сонымен қатар Су-30СМ ұшақтары, Ми-35 тікұшақтары, барлау ұшқышсыз ұшу құрылғылары келіп түсті. Қозғалыстағы нысандарды барлайтын және батареялық күресті бақылайтын «Платформа» радиолокациялық станциясы қару-жарақ құрамын толықтырды.
«Сандық Армия» құруда жеке автоматтандырылған қызметке көшу, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникациялық желілерді және мәліметтерді пысықтау орталықтарын одан әрі дамыту өзекті болып отыр.
Қорғаныс министрлігінің ЖОО-лары гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында, оның ішінде роботтехникалары мен радиоэлектрондық күрес ауқымындағы ғылыми зерттеулерді орындайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде жүйелі шаралар қабылдануда. Әскери полиция бас басқармасының құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қалпына келтірілді. Аталған басқарма бұзушылықтардың алғышарттарын талдаумен және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады.
Жүйелі шаралар сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтың санын ғана емес, ол үшін сотталғандың да азайуына мүмкіндік берді. Бюджет қаражатын қымқыруға жол берілмеді, ал сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтардың басым көпшілігі тұрмыстық тұлға аралық сипатқа ие.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға да дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа нысандар және әдістер енгізілуде.
Әскерлерде тыныс-тіршіліктің барлық аспектілерін қамтитын 50-ге жуық оқу модулі әзірленіп, қазіргі кезде қолданысқа енгізілді. Аталған модульдердің басты мәні мен мақсаты – ой-өрісті кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық деңгейді арттыру мен патриоттық тәрбие беру.
Әскери қызметшілер жігерлендірудің жаңа форматы – «Әскер тарланы» үздік әскери маман байқауы енгізілді. Жыл сайын танкист, артиллерист, байланысшы, барлаушы және б. өз маманының үздіктері анықталып, марапатталады.
Әскери-патриоттық тәрбие жетілдірілуде. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың қарашасында барлық өңірде төрт жүзге жуық «Smart сарбаз» үйірмесі ашылды, онда 6 мыңнан астам тәрбиеленуші жаңалықтарды меңгеріп, өздерінің техникалық идеяларын іске асырады. Биыл онлайн режимде «Айбын» алтыншы әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде.
Қорғаныс министрлігі орын алған экономикалық жағдайды ескере отырып альтернативті қаржыландыру көздерін іздейді, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін жасауда, Қарулы Күштердің құрылымын оңтайландыру есебінен үнемдеуге қол жеткізуде. Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ерекше тәртіпті қолдану арқылы Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру ережесіне толықтырулар енгізілді. Бұл бюджет қаражатынан 9 млрд-тан астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік беріп, үнемделген қаражат басым бағыттарға жіберілді.
Президенттің Әкімшілік реформа және жүргізілген функционалдық талдау туралы Жарлығының арқасында бірінші рет әскерлерге тоқсандық сыйлықақы беру практикасы қолданылды. Сонымен қатар, сыйлықақының көлемі әр әскери қызметшінің атқарған қызметінің нәтижесіне қатысты сараланады.
Ішкі қорлар есебінен, атап айтқанда – әскери жүргізушілер және үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, атыс қарулары мен оқ-дәрілер сақтау және қойма бастықтары анағұрлым тапшы мамандардың, яғни 4 мың әскери қызметшінің тарифтік разряды ұлғайтылды.
Қоймаларда сақталған пайдаланылмайтын әскери мүліктен жою бағыты қолға алынды. Пайдаланылмайтын әскери мүліктің тізбесі анықталды. Ол уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдарына беріледі. Сонымен қатар, бөлінетін бюджет қаражаты шеңберінде оқ-дәрілер қорларын жаңарту және жинақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Коронавирустық пандемияның орын алуы ықтимал екінші толқынына Қарулы Күштерді дайындауға ерекше назар аударылуда. Бұл ретте армияның төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу тәжірибесі ескеріледі.
Бас әскери-медициналық басқарма Қарулы Күштер құрылымында жеке, дербес орган ретінде шығарылды. Әскери медициналық мекемелердің штатына инфекционист-дәрігерлер, эпидемиологтар, вирусологтар қосымша лауазымдар енгізілген.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда бюджет қаражатынсыз екі ПТР-зертхана іске қосылды. ИФТ-диагностиканың екі ұтқыр зертханасын жеткізу жоспарлануда. Осының барлығы вирус жұқтырғандарды есепке алу дәлдігін арттыруға және сапалы вакцинациялау үшін қажет антиденелердің болуына тест жүргізуге мүмкіндік береді. Бұрын мұндай мүмкіндіктер болмаған.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері департаменті құрылды. Ол РХБ қорғаныс әскерлерін дамыту бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруды, арнайы бөлімшелерді дайындауды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді орындайды.
Ағымдағы жылы Президенттің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін алғаш рет әскери міндеттілермен арнайы әскери жиындар өткізілді. Олар тек қана жұмылдыру резервін жаттықтыруға, әкімдіктердің жергілікті әскери басқару органдарымен нақты өзара іс-қимылын ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ жастардың патриоттық деңгейін және әскери борышын орындауға дайындығын бағалауға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының 16 қарашада ведомствоаралық комиссияда берген тапсырмаларын орындау үшін Қарулы Күштерді жедел өрістетуге дайындық бойынша іс-шаралар жүргізілді. Таразда далалық госпиталь, Ақтөбеде медициналық кешен, әскери лазареттерде екі мобильді бөлімше және 23 дәрігерлік-мейіргерлік бригада құрылды. Бұл бөлімшелер халыққа көмек көрсету үшін елдің кез келген өңіріне жедел баруға дайын.
Жалпы, алқа отырысында Қарулы Күштер пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, 2020 жылдың негізгі шараларын орындады, және де елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қажетті жауынгерлік дайындық деңгейін сақтап отырғаны атап өтілді.
Әскери қызметшілердің атынан ел Президентіне танк бригадасының командирі Табылды Исәлиев пен арнайы мақсаттағы взвод сержанты Азат Шайхы сөз сөйледі.
Подполковник Табылды Исәлиев әскери қызметшілер әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті: «Бүгінгі күні әскери қалашықта жаңа тұрғын үйлер, сауда орталықтары бой көтеріп, балаларға арналған үйірмелер мен орталықтары бар спорт кешені, гарнизонда офицерлер үйі жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жетістіктері үшін біз көп жылдар ішінде алғаш рет тоқсандық сыйлық алдық, пандемиямен күрес жөніндегі іс-шараларға қатысушылар қосымша көтермеленді».
Бұдан басқа, офицер кейде әскери қызметтен хабары жоқ блогерлер армия туралы теріс пікір білдіріп жататынан атап өтті. «Ол шындыққа жанаспайды деп айта аламын. Әскери мамандық – бұл тек қана күнделікті жауынгерлік оқу мен саптық дайындық емес, ол күрделі мамандықтарды тез арада меңгеру. Бұл тәуекелмен, қару-жарақпен байланысты қызмет», - деді подполковник Табылды Исәлиев.
Сержант Азат Шайхы Жоғары Бас қолбасшымен «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін тексеру барысындағы бөлімшесінің жетістіктерімен бөлісті: «Барлаушыларды басшылық жоғары бағалады. Жоғары моральдық-психологиялық жай-күйі, темірдей мықты әскери тәртіп пен ұжымның үйлесімділігі оқу-жауынгерлік тапсырманы толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік берді деп санаймын».