Қазақстанның Қарулы Күштерінде 28 ақпан мен 19 наурыз аралығында оқ ату даярлығынан «Мергендер батальоны» байқауы өту үстінде.
Еліміздің барлық өңіріндегі полигондарда жарысқа мотоатқыштар, танк, десанттық-шабуылдау батальондары, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері қатысып жатыр.
Жауынгерлік сайыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында өткізілуде.
– Бөлімшелер оқ ату дағдысынан сайысқа түсіп, шеберліктерін шыңдауда. Батальондар штаттық қарудан және жауынгерлік машиналардың қару-жарағынан күндізгі және түнгі уақыттарда атыс жаттығуларын орындап жатыр. Бұл әскер жеке құрамының дайындық деңгейін, сондай-ақ құрамалар мен бөлімдердегі жауынгерлік даярлықтың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы – Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов.
Жарысқа қатысушылардың іс-қимылын Бас штаб комиссиясы бағалайтын болады. Сайыс қорытындысы бойынша Құрлық әскерлерінің Үздік батальоны анықталады.