Әуеде – жас десантшылар

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының тәрбиеленушілері Алматы қаласы мектептерінің жас армияшылармен бірлесіп, 35-ші десанттық-шабуылдау құрамасының әуе-десанттық кешенінде парашюттік даярлықтан өтті.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде өткен алғашқы көктемгі жиынға 7-18 жас аралығындағы 70 жас армияшы қатысты. Олар парашюттің жұмыс принципімен танысты. Жердегі дайындық элементтерін пысықтап, төмен биіктіктегі тренажерлардан секіріп көрді.
Оқушылар аспалы жүйенің мөлшеріне қарай бейімделуді үйреніп, секіру теориясы мен практикасын және қауіпсіз жерге қону тәсілдерін игерді.
– Алматылық жас армияшылардың әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасы сан алуан. Сәуір айынан бастап «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері 28 батыр-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау жанында құрметті қарауылға түседі. Жазда сабақтар шекара заставаларындағы жазғы лагерлерде жалғасады. Тамыз айында Әскери-теңіз күштерінің базасына бару жоспарланған, – деді Алматы қаласы «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Бақытжан Перімбет.
Оқушылармен өтетін әскери-далалық жиындар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын өткеруге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске. асыруға бағытталғанын атап өткен жөн.


Юный десант штурмует небо

Воспитанники военно-патриотического класса “Жас сарбаз” совместно с юнармейцами школ города Алматы прошли парашютную подготовку на воздушно-десантном комплексе в 35-й десантно-штурмовой бригаде.

Первый весенний сбор в Десантно-штурмовых войсках посетили 70 юных армейцев в возрасте от 7 до 18 лет. Они увидели принцип работы парашюта, отработали элементы наземной подготовки и совершили прыжки с маловысотных тренажёров.
Школьники научились подгонять подвесную систему согласно размеру, освоили теорию и практику совершения прыжков и безопасного приземления.
– Программа военно-патриотического воспитания у алматинских юнармейцев очень разнообразная. Начиная с апреля, воспитанники движения "Жас Сарбаз" заступают в почетный караул у Вечного огня в парке 28-ми Героев-панфиловцев. Летом занятия продолжатся в палаточном лагере на пограничных заставах. В августе запланирован выезд на базу Военно-морских сил, – рассказал председатель движения «Жас Сарбаз» города Алматы Бакытжан Перимбет.
Следует отметить, что военно-полевые сборы со школьниками направлены на реализацию поручения Президента страны Касым-Жомарта Токаева по повышению престижа воинской службы и мотивации молодежи к выполнению воинского долга.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"