9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Қарағанды облысының Приозерск қаласының әкімі Сатаев Сапар Қайыркенұлы бастаған топ қаладағы орналасқан «Ұлы Отан соғысында (1941-1945 ж.ж.) қаза тапқан жауынгерлерге арналған» ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр жауынгерлердің ерліктеріне тағзым етті. Мерекелік іс-шараға Приозерск қаласының 90 жастағы тұрғыны, тыл еңбегінің ардагері Степанчук Людмила Илларионовна қатысты.
Топ құрамында Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Жасұлан Садуұлы Абеков, Приозерск қалалық Маслихатының хатшысы Бекзат Мұхсинұлы Сәрсембеков, 60601 әскери бөлімінің командирі полковник Қырықбаеы Данияр Нұрланұлы, 44841 әскери бөлімінің командирі подполковник Үмітәлі Серікұлы Бектаев болды.
Сонымен қатар қаза тапқан батыр жауынгерлердің еңселі биік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысуға Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Алшымбекұлы, ауған соғысының ардагерлері және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысқан жауынгерлері арнайы шақырылған болатын.
Қала әкімі С.Қ. Сатаев пен Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Ж.С. Абеков батыр жауынгерлерді еске алуға жиналғандарды құттықтап, естелік суретке түсті. Естелік фотосуреттің алдыңғы қатарында 90 жастағы тыл еңбегінің ардагері Людмила Степанчук отырды.
Думан Құрманғалиев