Елордалық десанттық-шабуылдау бригадасында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының іріктеу кезеңі басталды.
Іс-шараны астана әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының филиалы ұйымдастырып отыр.
Жиынның ашылу салтанатына Қарулы күштердің отставкадағы генерал-майор Владимир Шацков пен отставкадағы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов, қала әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары майор Артур Қасқарауов, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек пен мектеп оқушылары қатысты.
– Мемлекет басшысы дәл осы қозғалыс патриоттық жұмыстың негізі болуы керектігін айтты. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге тәрбиелеу бала кезден, мектеп қабырғасынан басталады. Бүгінгі «Айбын» республикалық жиынына қатысатын үміткерлерді іріктеу шарасының маңызы зор. Баршаңызға әскери-қолданбалы спорт түрінен өтетін сайыстарда нәтижелі өнер көрсетулеріңізге тілектеспін, – деді майор Артур Қасқарауов.
Жиын әскери-тактикалық далалық ойын түрінде өтеді. Жарыс барысында оқушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеп-жинаудан, жалпыәскери қорғаныс костюмін киюден нормативтер орындайды, белтемірге тартылу және арқан тарту кезінде дене шымырлықтарын көрсетеді.
Іс-шара 14 мамырда аяқталады. Шараның қорытындысында «Жас сарбаз» қозғалысы филиалының «Айбын» республикалық жиынына қатысатын тәрбиеленушілері анықталады.