1 маусымда Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Ақмола гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары мен елорданың жас тұрғындары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл Қазақстанда Балалар жылы деп жарияланды. Осы бағытта жастар тәрбиесіне Қорғаныс министрлігі де өз үлесін қосып келеді. «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысы балалар мен оқушылардың әскери іс пен спортқа деген қызығушылығына жан-жақты қолдау көретіп, олардың зияткерлік және шығармашылық өсуіне ықпал етуде. Биылғы сәуір-мамыр айларында балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан әскерінің 30 жылдығына арналған «Отан отбасынан басталады» атты республикалық сурет және «Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» атты бейнероликтер конкурсы өткізілді. Шығармашылық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Құрлық әскерлері және Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылары басқармалары әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметтерінің басшылары Валентина Құсайынова мен Елена Орманбетова қатысты. Байқауға ұсынылған жұмыстардың бәрі кісі қызығарлық. Комиссияға олардың ішінен лайықтысын таңдау қиынға түсті. Қатысушылардың бәрі шығармашылық жұмыстарында өз арман-қиялдарына барынша ерік берген. Олар әскери қызметтің ерекшелігін көрсетіп, еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы маңызын аша білген.
Қазақстанның барша жас азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Балалық шақтарыңның аспаны бұлтсыз болып, барлық армандарың орындалсын, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
Балалардың жұмыстары жас санаттарына сәйкес, «Қазақстан – бейбіт ел», «Менің әкем – батыр», «Біз батырлардың ерліктерін есімізде сақтаймыз» атты үш номинацияда бағаланды. Байқауға қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінбеген жас суретшілер де атаусыз қалған жоқ. Олар «көрермен көзайымы» сыйлығымен марапатталды. Дәстүрлі суретке түсуден соң шығармашылық байқау жеңімпаздарының жұмыстарына арналған көрменің ашылуы болды.
Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың Қарулы күштер залында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының тәрбиеленушілері үшін «Кітапта жоқ тарих» деп аталатын ерлік сабағын өткізді. Кездесуде балалар әскери қызмет, патриотизм және генерал болу туралы сұрақтар қойды.
Сонымен бірге мерекеге қатысушылар үшін «Жас сарбаз» балалар студиясы концерт беріп, жас өнерпаздар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шара аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасымен, аквагриммен және тәтті сыйлықтар таратумен аяқталды.