Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың туғанына - 100 жыл!
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда да,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі, жасымаған.
(Саду Машақовтың «Мәншүк» өлеңінен)
Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кеңес Одағының Батыры, пулеметші Мәншүк Маметованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың батыр қызы – Мәншүк» тақырыбындағы ерлік сабағы болып өтті. Аталған іс-шараға «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының сыныбында білім нәрімен сусындап жүрген білім ошағының 6 «в» сынып оқушылары тартылды. Ерлік сабағының мақсаты – 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының Батыры, пулеметші Мәншүк Маметованың өмірі мен ерлік жолын үлгі тұту, сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру және ел келешегі өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру болып табылады.
«Қазақтың батыр қызы – Мәншүк» тақырыбындағы ерлік сабағын 6 «в» сыныбының жетекшісі Мәрия Давлятярова ашып берді. Тарих пәнінің маманы, ұстаз Мәрия Баймұратқызы өзінің кіріспе сөзінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өмірі мен балалық шағына тоқталып:
«Қазақтың батыр қызы Мәншүктің шын есімі – Мәнсия екенін көпшілік біле бермейді. Кішкене ғана сәбидің моншақтай мөлдіреген көздеріне бола ата-анасы «Моншақ» деп атаса керек. Маңайындағылар көрген жанды бірден баурап алатын сәбидің былдырлаған тілін қызық көріп, «атыңды айтшы, Моншақ деші» деп, оны сөйлетуге үйрете бастапты. Кішкентай бүлдіршін тілі келмей: «Мән-мән» деп, арасында сөзі үзіліп кетіп «шүк» деп, айтқанын жалғайды екен. Содан үлкенді-кішілер ақылдаса келіп, бой жетіп келе жатқан Мәнсияға тамаша Мәншүк есімін береді. Батыр қыз осы аяулы есіміне кір келтірмей, елі мен жері үшін соғыста ерлік көрсетіп елді тәнті етті....» - деп, батыр қыздың балалық шағын еске салды.
Заманауи интерактивтік тақта арқылы оқушыларға «Батырлар елі: Мәншүк Маметова» тақырыбындағы деректі фильм көрсетілді. Экрандағы қойылымда қазақтың батыр қызы Мәншүктің өмір жолы мен майдан даласындағы жанқиярлық ерлігі қамтылған.
Әскери-патриоттық тәрбиелік мәні бар іс-шарада сөз алған «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы сыныбының жетекшісі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мұрат Қайратұлы Файзуллаев оқушыларға: «....Әр кез Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың ерлік жолын үлгі тұтамыз, сонымен қатар батыр қыздың майдан даласындағы көрсеткен жанқиярлық ерлігін мақтан тұтып, бойымызда Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыра аламыз» - дегенді жеткізді.
Ерлік сабағының көркі қызған шақта сынып оқушыларына ерік берілді. Ерлік партасынан орын алған оқушылар кезек-кезегімен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың ерлік жолына арналған тақпақтарды айта бастады. Алдымен бой көрсеткен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының сыныбының бөлімше командирі Қажымұқан Қойшыбаев қазақ тарихындағы «Көшпенділер» трилогиясын жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің қазақтың батыр қызы Мәншүктің ерлігін паш ететін «Айша» дастанынан үзінді келтірді:

«Жас арудай аймалаған жүзін нұр,
Құлпырып тұр қырмызы гүл,
Қызыл гүл....
Әнің неткен әуезді еді,
Сазды еді,
Шырқа,
Шырқа,
Шырқа, бұлбұл!....
Үзілдір!....
Тәкаппарсып,
Жатпаса да көп қарап,
Сол бір гүлде сен дегенде жоқ тағат....».
Келесі тақта алдына шыққан оқушы Аида Жанәбіл:
«Соғыстың дәмін тартқан зардаптарын,
Қыз болсақ та көтеріп, салмақтарын.
Қазақ қызы қаһарман Мәншүк апам,
Есімін мақтан тұтып ардақтадым....» - деп, өлең жолдарын
мәнерлеп оқып шықса, кезегін күткен оқушы Райхан Тлеужанова:
Сенің атың әйгілі ғой халыққа,
Ерлігіңді көрсеттің сен жорықта.
Отан үшін отқа түскен, елі үшін,
Мақтан тұтар, батыр қызды халықта-деп, жалғап әкетті.
Ал, еш мүдірмеген сынып оқушысы Айша Аманбай :
«Бүгін сені еске алады өр елің,
Арта берсін әрқашанда беделің.
Сонау Невель жерінде сен жатсаңда,
Ұмытпайды, ұмытпайды сені елің....» - деп, екпіндете жөнелді.
Гитлерлік неміс басқыншыларына қарсы ұрыс даласында қазақтың қайтпас қайсар, батыр қызы Мәншүк Маметованың ерлік жасаған «Максим» пулеметін оқушыларға таныстыру үшін, ортаға ерлік сабағын ұйымдастырып өткізуге мұрындық болған Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Кенжебеков Тілек Алшымбекұлы шығып, өз сөзін ақын Қадыр Мырза Әлидің
«Мәншүк» өлеңіндегі:
«Қыз емес, қызыл от боп жаратылып,
Жауыңа жолбарыстай көр атылып!».
Десек те, жүрдің-ау сен шинеліңнің,
Шұбатылған етегіне оратылып....» - деп, басталатын өлең жолда-
рымен бастады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Тілек
Алшымбекұлы «Максим» пулеметінің шығу тарихына тоқталып:
«....Өз заманының теңдесі жоқ жойқын қаруы «Максим» пулеметін американдық өнертапқыш Хайрем Стивенс Максим (1840 ж. – 1916 ж.) ойлап тапқан. Осы аталған қару түрі Ұлы Отан соғысы (1941 ж.-1945 ж.) жылдарында кеңінен қолданылып, неміс басқыншыларына қарсы қолданылатын таптырмас қару түріне айналғаны шындық. «Максим» пулеметімен халқымыздың қаһарман қызы, кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың есімі тікелей байланысты. Біздің Мәншүк апамыз майдан даласында осы атыс қаруын жетік меңгеріп, қарсы келген дұшпанға оқ жаудырды. Дәл осы «Максим» пулеметінің жанында асқан жанқиярлық танытып, ерлікпен көз жұмды» - деп, көз жеткізді.
Іс-шара барысында сынып оқушысы Нұрсұлтан Сәбит қазақтың музыкалық аспабы домбырамен күй орындаса, сынып оқушылары «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!» әнді хормен тамаша орындап шықты.
«Қазақтың батыр қызы – Мәншүк» тақырыбындағы ерлік сабағын қорытындылаған Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Т.Кенжебеков Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың туғанына 100 толуына арналған іс-шараға жоғары баға беріп, белсене атсалысқан ұстаздар мен ерекше көзге түскен сынып оқушыларына Мақтау қағаздарын және Алғыс хаттарды табыс етті. Іс-шара соңында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы сыныбының оқушылары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Тілек Алшымбекұлын ортаға алып, естелік суретке түсті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Кеңес Одағының Батыры, пулеметші Мәншүк Маметованың туғанына 100 толуына арналған ерлік сабағынан қуат алған Приозерск қаласының «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының сыныбы оқушыларының бойында патриоттық сезім қалыптасып, келешекте Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында өшпес із қалдыратындарына сеніміміз мол!
Думан Құрманғалиев
Пікірлер