Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі майор Олжас Тойшыбаев кезекті демалысында үш мың шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтпек. Ол бұл велошеруді төл әскеріміздің 30 жылдығына арнап отыр.
Олжас 24 сәуірде өзі қызмет ететін Атырау гарнизонынан жолға шыққан болатын. Жолай Орал, Ақтөбе, Ырғыз, Арал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаларын басып өтті.
Көне Таразда майор Олжас Тойшыбаевты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қарсы алып, құрмет көрсетті.
– Мен бұл велошеруді Қарулы күштердің 30 жылдығына арнаймын, – деп атап өтті майор Олжас Тойшыбаев. – Дене дайындығымен үздіксіз айналысатын әскери адам болғандықтан, өз мүмкіндігімді физикалық және моральды тұрғыдан сынап көргім келді. Кез келген спортшы үшін жаңа деңгейді бағындыру – рухыңды нығайту болып есептеледі.
Олжас жолда 10 келі салмақ тастапты. Әйтсе де көптеген жаңа таныстар тауып, керемет әсерлер алғанын айтады. Жолай тарихи орындарға ат басын бұрып, көрікті жерлермен танысуға мүмкіндік алған.
Велошерудің соңғы нүктесі – Алматы. Оңтүстік астана – Олжастың туып-өскен жері. Онда велошабандозды туыстары мен жақындары, сондай-ақ өзі бірнеше жыл әскери қызмет атқарған Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі достары күтіп отыр.