Алматыда Қорғаныс министрінің кубогы үшін армиялық қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының базасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін жарысқа Қарулы күштердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның атынан құрамында 150-ден аса спортшы бар 15 команда қатысты.

Турнирге қатысу үшін өзінің қызметтік ерекшелігіне байланысты армиялық қоян-қолтық ұрыс дағдыларын күн сайын жетілдіретін арнайы бөлімшелердің барынша дайындалған жауынгерлері іріктелді.
Командалар арасындағы жарыс бес салмақ дәрежесінде өтті. Мұндай бәсекелестік жүйе ұйымшылдық пен командалық рухты қалыптастырып, әріптесі жолдасының сәтсіздігін түзетуге және әдетте, соңғы жекпе-жекке дейін жалпы жеңіске үміттенуге мүмкіндік береді.
Ақттық сынның жекпе-жегін құрметті қонақтар қатарында Орталық спорт клубының бастығы Олимпиада чемпионы, Еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Шишигина және қоян-қолтық ұрыстан ел құрамасының бас жаттықтырушысы Мереке Жүсіпов тамашалады.
Тартысты сайыста Қорғаныс министрлігінің құрамасы жеңімпаз атанып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы екінші орынды иеленді. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері үздік үштікті тұйықтады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"