«QALQAN - 2022» деген атаумен «Жас Сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілері арасында Қазақстанның Щвейцариясы саналатын Көкшетаудың інжу-маржаны Бурабай өңірінде 10-13 наурыз аралығында I Республикалық қысқы спорт түрлерінен әскери-спорттық спартакиада болып өтті. Бұл додаға еліміздің 16 өңірінен 32 жас сарбаз бен Республикалық Жас Ұлан мектебі тәрбиеленушілері қатысты.
Қысқы спартакиадаға келгендер өзара пнемвматикалық винтовкадан нысанаға ату, белтемірге тартылу, 3000 м қашықтықта шаңғыда жарысудан бақ сынады.
Аталымыш жарыстар Шоқан Уалиханов атындағы Қорғаныс Министрлігінің әскери колледжімен, ҚР Қорғаныс министрлінігің орталық әскери спорт клубының «Ботагоз» спорттық базасында өткізілді.
Жарыс алғашқы күннен қыза түсті. Қатысушылардың бір-бірінен өткен мергендігі бәрін таңғалдырмасқа қоймады.
Алғаш рет өткізіліп отырған спартакиадаға еліміздің рухы мықты, мірдің оғындай қайратты, айбарлы жастар жиналғанын сол алғашқы күннен-ақ байқадық.
Шаңғы спортынан өткізілген 3000 м жарыс спартакиаданың көркін қыздыра түсті. Тіпті, биылғы қысқы әскери-спорттық ойындарда сенсация жасалғанын айта кеткеніміз орынды болар.
Жеңіс жолында биікке ұмтылған адамның мақсатына жету үшін ең керегі табандылық пен мықты рух. Оған ауа-райы, табиғат, қиындықтар да кедергі емес. Соның айқын дәлелі – Шымкент қаласының Республикалық Жас Ұлан мектебі тәрбиеленушілері болды.
Теріскейдегі Оңтүстік өңірдің қысы қарсыз өтсе де бұл қысқы спартакиадада кедергі келтірмеді.
«Жас ұлан» Республикалық мектептері ұландары арасында қысқы спартакиаданың абсолютті жеңімпаздары – Шымкент қаласының жігерлі ұландары болды.
Олардың ізін жалғай Қарағанды қаласының «Жас Ұлан» РМ мен Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Нұр-Сұлтан қаласының әскери колледжі жеңімпаз атанды.
«Жас Сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілері арасындағы таласты тартыста Солтүстік Қазақстаннан келген команда жеңіс тұғырынан көрінсе, сәл айырмашылықпен Батыс Қазақстан облысы командасы мен Елордалық команда 2-3 орындарға жайғасты.
Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі ҚР ҚМ Шоқан Уалиханов атындағы әскери колледжде өтті.
Жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев, ҚР ҚМ Шоқан Уалиханов атындағы әскери колледжінің басшылығы, «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қатысты.
Мейірбек Оразұлы: «Бұл спартакиада жастардың бойындағы рух жігерді көтеріп, патриоттық тәрбиенің тағы бір қалқандай сенімді көзі боларына кәміл сенемін. Жастардың жарқын болашағы біз бен жас ұрпақтың қолында екені анық. Біз жарқын болашақ үшін күш саламыз» – деп спартакиаданың тәрбиелік мәні зор екенін айқындай түсті.
Бұл сөздердің мысалы, келген қатысушылар төрт күн ішінде бір үйдің баласындай бауыры бүтінделіп, достасып үлгерді. Қоштасар сәт келгенде бір-бірін қимастықпен шығарып салып жатты.
Қатысушылар тек спортпен айналысып, жарысып қана қоймай, өздері табан тіреген өлкенің бай тарихи орындары мен танымдық мұражайларды да аралап үлгерді. Тіпті, солтүстік өңірге алғаш аяқ басқан қатысушылдар да болды. Олардың көзіндегі қуаныш пен жүзіндегі күлкі еңбектің ақталғанындай еді. Ұйымдастырушылар жас патриоттардың секундына дейін тиімді әрі қызықты өтуі үшін күш салды. Сол айбарлы жастардың қуанышы біздер үшін көпке дейін есте қалары сөзсіз.
Қатысушылардың арасында көпшілігі спортты жанына серік етіп, келешекте Қазақстанның көк туын көкке желбірететін, қазақ әнұранымен әлемді әуелететін атақты спортшы боларына сеніміміз зор. Осы орайда, танымдық бағдарламада «Қысқы спорт түрлерінен олмпиадаға дайындау орталығы» кешешінен жасалған экускурсия олардың өздеріне деген сенмін арттыра түсті.
Оқ бойы озып келген жеңімпаздар мен жеңістен алыс емес барлық қатысушылар үшін арнайы, ҚР ҚК әскери-тарихи музейі – жауынгерлік рух пен қайсарлықты арттыра түсу үшін «Ұлы Отан соғысы» жылдары туралы көшпелі көрме де ұсынды. Әрі ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының, Әскери орталық оркестрі, Әскери орталық ансамблі шағын концертін ұсынды.
Қаншама еңбектің жеңісі де осы жүрегінде Отанын өзімен қайда жүрсе де алып жүретін, елім деген, рухы биік, мерейі үстем, жарқын болашақтың жасаушылары патриот жастар болмақ.
Тек, Бурабай бауырында жеңіс тұғырынан емес, өмірдің биігінен көрініңдер, Жас Сарбаздар!