Жуырда Шымкент қаласының авиациялық базасында Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтарды қарсы алу салтанаты өтті. Тікұшақтар «Ресей тікұшақтары» холдингіне кіретін қазақстандық тарап пен Ұлан-Удэ авиациялық зауыты арасында бұдан бұрын жасалған келісімшартқа сәйкес ұшып келді.
Авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құрамы өндіруші зауытта теориялық және ұшу дағдысынан өткен болатын. Ми-171Ш тікұшағы Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификациясының бірі болып табылады. Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары, сенімділік, Цельсия бойынша -50-ден +50 градусқа дейінгі ауа райы жағдайы мен температураның кең диапазонында қолдану мүмкіндігі, көп функционалдылығы, пайдалану мен қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы секілді бұл тікұшақтардың қасиеттері бүкіл әлемдегі операторлардың сенімінен шыға білді.
Десанттық-көліктік тапсырмаларды орындаудан басқа, бұл тікұшақ құрлықтағы бөлімшелерді қолдау, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген оқ ату нүктелері мен өзге де қозғалмалы және қозғалмайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздеу-құтқару және барлау операцияларын жүргізу үшін арналған. Авиациялық паркті жаңа тікұшақтармен толықтыру жалпы алғанда, Әскери-әуе күштері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгероік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты іс-шараға ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов пен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ өндіруші зауыттың өкілдері қатысты.
Ми-171 тікұшағында ұшуларды күндіз және түнде, күрделі метеорологиялық жағдайларда орындауға мүмкіндік беретін қосымша жабдықтар орнатылған. Экипаждың түнгі көру құралы бар бейімделген кабинасы тікұшақтың іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу, таулардағы түнгі ұшулар және табиғи жарық болмай қалған жағдайда арнайы міндеттерді орындау сияқты жауынгерлік және арнайы мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Аталған тікұшақ құтқару – іздеу, өртке қарсы, жолаушылар және жүк тасымалдау, медициналық, патрульдік және көліктік қызмет көрсетуге пайдаланылады. Бұл үшін SX – 16 прожекторы, ВСУ – 5 А жабдықтары және жүкшығырмен жабдықталған. Сондай-ақ кез келген климаттық ахуалда: құрғақта, теңіз, тропикалық және суық климат пен теңіз суынан тұманда ұшуға қолайлылығымен ерекшеленеді. Таулы және сулы аумақтарға ұшып-қонуына ыңғайлы құрастырылған. МИ-171 ұшу қауіпсіздігі бойынша А дәрежелі, сондай-ақ FAR- 29 талаптарына сәйкес келеді.
Пікірлер