ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Мәскеуде өткен Достастыққа қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Кездесуде әлемдегі әскери-саяси жағдай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдірінің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің ұлғаюы туралы ақпарат тыңдалды.
Достастық елдері Қарулы күштеріндегі авиацияның ұшу қауіпсіздігінің 2021 жылғы жай-күйі туралы деректер назарға алынды. Инженерлік әскерлер үшін мамандар даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы қызметінің мәселелері қаралды.
ТМД мемлекеттері Қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз етуді 2025 жылға дейін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыстардың бағдарламасы мақұлданды. Сонымен бірге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралары бекітілді.
Кездесу алдында сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Ресейдің жеке отырысы өтіп, онда Ауғанстандағы жағдай талқыланды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"