Дәрігерлер ерліктің ерен үлгісін көрсетті

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары медициналық мекемелердің, құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмектің, медициналық мамандардың жетіспеушілігіне қарамастан медицина құрамы қыруар еңбек етті. Фашистік Германияның Кеңестер Одағына шабуылы басталған күннен бастап көптеген әскери далалық медициналық мекемелер құрылды

Медицина қызметкерлері ұрыс даласында жауынгерлерге барынша көмек көрсетті. Мұндай көп санитарлық шығындарды, атқарылған емдік-эвакуациялық іс-шаралардың мөлшерін бұрын-соңды көрмеген отандық және шетелдік әскери медицина жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салды. Эвакуацияланған госпитальдардың алғашқысы 1941 жылдың маусым айында Ақтөбе, Семей, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарына қоныстанды. КСРО Қорғанысы Мемлекеттік Комитетінің 1941 жылғы 22 қыркүйектегі және Кеңес Армиясына медициналық қызмет көрсету мен эвакуация тәртібін жақсарту жөніндегі Партияның Орталық Комитетінің 1941 жылғы 8 қазан күнгі Қаулысы госпитальдардың жұмысын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. Осы құжаттардың негізінде 1941 жылдың соңы мен 1942 жылдың басында облыстарда, өлкелер мен республикаларда эвакуацияланған госпитальдарға жетекшілік ету жөніндегі арнайы бөлімдер, науқастанған және жараланған солдаттар мен командирлерге қызмет көрсетуге көмектесу мақсатында комитеттер мен комиссиялар құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары госпитальдар мен өзге де әскери медициналық мекемелерде барлығы 200 мыңнан астам дәрігер, орта білімі бар 500 мың медициналық қызметкер еңбек етті. Олар Кеңес Армиясы мен Әскери Теңіз Флотының 10 млн-нан астам жаралы жауынгеріне көмек берді. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери медицина қызметкерлері ерен ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсете білді. 116 мыңнан астам әскери медицина қызметкері орден және медальмен марапатталса, 44-і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Бүгінгі әскери медициналық қызметтің ерекшелігі

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ (1).jpg

   Әскери құрылымдар мен бөлімдердің медициналық қызмет жұмысының негізгі бағыты – әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына уақытылы және жан-жақты дәрігерлік көмек көрсету, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын жақсарту, бейбіт және соғыс уақытында әскери патологияны оқып-үйрену, гарнизонның жеке құрамының ауру процентін төмендету мақсатында емдік-сауықтыру шараларын жүргізу. Кез келген оқу-жаттығулары арнайы әскери техника және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-медициналық құрылымдарды лицензияландыруды арттыру жағдайын зерттеп, жан-жақты сараптама жасауға зор мүмкіндік береді. Мәселен, елімізде тұңғыш рет төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен бастап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері короновирусқа қарсы әрекет ету шараларына белсене қатысты. Дезинфекциялық топтардың құрама отрядтары Нұр-Сұлтан, Павлодар, Өскемен, Семей, Аягөз, Үшарал қалаларында және Павлодар облысының аумағында санитарлық тазалық шараларын жүргізсе, әлемді әбігерге салған тұмаудан сақтану үшін қолбасшылыққа қарасты әскери құрылымдар мен бөлімдердің медициналық қызметкерлері нақты шараларды қолға алды. Блок-бекеттерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, патрульдеу, дезинфекциялық дәрілеу жұмыстарына тартылған әскери қызметшілердің денсаулығы 140 медицина қызметкерінің жіті бақылауында болды. Олар әскери қызметшілердің денсаулығының қауіпсіздігі үшін сақтық шараларын түгел дерлік нақты орындаудың қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Соның нәтижесінде өңірлік қолбасшылықтың бірде-бір әскери қызметшісі коронавирус жұқтырған жоқ. Қалай десек те, әскери медицинаның даңқын асқақтатып жүрген мамандардың еңбегіне қарай көрсетілер сый-құрмет те айрықша.

АБЗАЛ ЖАНДАР

             Әнін жазған: Тынышгүл Ақай

                               Сөзін жазған: Бақытжан Байболов

Елге өмірін арнаған,

Тыныштықты қолдаған.

Батырлардың өмірін,

Болашаққа жалғаған.

Жан жарасын жазатын,

Көңіліңді табатын,

Дәрігер бар әскерде

Ел қорғаған!

Қайырмасы:

Сайып қыран біздер сапқа тұрып,

Сан сынаққа барғанбыз.

Саулықтарын тілеп сарбаздардың,

Үлкен міндет алғанбыз.

Сай болайық сертке сенімменен

Сапар күтер алдан жүз.

Сая болып дертке шипа тапқан

Ақ халатты жандармыз.

 

Қайсар мінез тасынған,

Қару-жарақ асынған.

Сын сағатта сүрінбей,

Шымырлығын асырған.

Үміт сыйлап адамға,

Жүзінен нұр тасыған,

Ақ халатты жасай бер,

Мәңгі асыл жан!

Қайырмасы

Алуа ИСКАКОВА

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"